Accessibility links

Министр: Қылмыскерлер түрмеде экстремистермен ымыраласып отыр


Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.
Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.
Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов түрмелердегі жағдайдың шиеленісуін қылмыскерлердің діни экстремистермен ымыраласуынан көреді. Бұл туралы Қасымов дүйсенбіде үкімет отырысында мәлімдеді.

"2010 жылы Ақтауда қарулы 20-дан астам тұтқын түрмеден қашты. 2011 жылы маусымда Балқаш түрмесінде де қарулы топ колониядан қашпақ болды. Колониялардағы жағдайдың шиеленісіп кетуінің себептерінің бірі қылмыскерлердің діни экстремиестермен ымыраласуы болып отыр" деді министр.

Бұған қоса ол түрмелердегі тәртәптәі әлсіреп, тұтқындардың ішкі тәртіпті жиі бұзатынын, өз денелерін тіліп, зақымдап тастайтынын да атап өтті.
XS
SM
MD
LG