Accessibility links

Ұлыбритания радикал Әбу Қатаданы босатудан бас тартты


Радикалды мұсылман діндары Әбу Қатада.
Радикалды мұсылман діндары Әбу Қатада.
Ұлыбритания "Лондон олимпиадасы кезінде қауіпсіздіккке қатер төндіруі мүмкін" деп қауіптеніп, радикалды мұсылман діндары, 51 жастағы Әбу Қатаданы кепілге босатудан бас тартты.

Ұлыбритания үкіметі Әбу Қатаданы өз отаны - Иорданияға жөнелтуды ойластырып жатыр. Иордания оны террористік іс-әрекетпен айналысты деп айыптап отыр.

Әбу Қатада қазір күшейтілген күзет қойылған түрмеде отыр. Судья Джон Миттингтің айтуынша, оны депортациялау туралы апелляциялық сот 10 қазанда өтеді.
Қаңтарда адам құқықтары жөніндегі Еуропа соты "Әбу Қатаданы Иорданияға депортациялауға болмайды, себебі онда Қатаданы азаптауы мүмкін" деген шешім шығарған.

Әбу Қатаданы 1998 жылы Иордания соты "елде бірнеше теракт жасады" деген айыппен соттаған.
XS
SM
MD
LG