Accessibility links

Кофи Аннан Башар әл-Асадпен кездесті


БҰҰ-ның Сирия бойынша өкілі Кофи Аннан.
БҰҰ-ның Сирия бойынша өкілі Кофи Аннан.
БҰҰ-ның Сирия бойынша өкілі Кофи Аннан сейсенбіде Сирия президенті Башар әл-Асадпен кездесті. Бұл туралы Сирияның мемлекеттік телеарналары хабарлады. Кездесу барысы жайлы егжей-тегжейлі айтылмады.

Кофи Аннан Сирияға дүйсенбіде барған. Ол қақтығысушы үкімет әскері мен көтерілісшілерді ұрысты тоқтату туралы халықаралық жоспарды орындауға көндіруге ұмтылып отыр.

Өткен жұмада Хула қаласында ауыр артиллерияның атқылауынан жүзден астам адам қырылған соң Кофи Аннанның Башар әл-Асадпен кездесуіне қажеттілік туған еді.

Халықаралық қауымдастық бұл қайғылы оқиғаға Сирия билігін кінәлаған. Сирия билігі "бұған көтерілісшілер жауапты" дейді.
XS
SM
MD
LG