Accessibility links

"Қазақмыс" кенішінде 1 адам қайтыс болды


"Қазақмыс" корпорациясының кәсіпорны. Көрнекі сурет.
"Қазақмыс" корпорациясының кәсіпорны. Көрнекі сурет.
Қарағанды облысындағы "Қазақмыс" корпорациясына қарасты кеніште болған екі апаттан 38 жастағы электрослесарь қаза тауып, бір оператор жараланды деп хабарлайды төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің баспасөз қызметі.

Алғашқы апат сейсенбі күні таңертең Ұлытау ауданындағы "Жомарт" кенішінде болған. Кеніште жарып қопару жұмысын істеп жатқанда 45 жастағы сынақшы оператор жараланған.

Екінші апат дәл сол "Жомарт" кенішінде сәрсенбіге қараған түні болған. "Жұмыс кезінде электрослесарьді тоқ соғып, оқиға орнында қаза тапты" деп хабарлады министрлік.
XS
SM
MD
LG