Accessibility links

Агенттік: Ядролық отын банкі 2013 жылы салынады


Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Тимур Жантикин.
Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Тимур Жантикин.
Қазақстанда 2013 жылы сыйымдылығы 60 тоннаны құрайтын халықаралық ядролық отын банкі салынады деп хабарлайды атом энергиясы агенттігінің төрағасы Тимур Жантикинге сілтеме жасаған ҚазТАГ агенттігі.

Жантикин бұл туралы ТМД-ның атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі комиссиясының отырысында айтқан. Агенттік төрағасы МАГАТЭ-мен келісім жасалуына қарай халықаралық банктің шамамен 2013 жылдың жаз-күз мезгілдерінде салынуы мүмкін екенін жеткізген.

Айтуынша, қазір Үлбі металлургия зауытында банктің алаңын дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
XS
SM
MD
LG