Accessibility links

Гаага соты Либерияның экс-президентіне үкім шығарады


Либерияның бұрынғы президенті Чарльз Тейлор.
Либерияның бұрынғы президенті Чарльз Тейлор.
Гаагадағы халықаралық сот 30 мамырда Либерияның бұрынғы президенті, әскери қылмыс жасады деп айыпталған 64 жастағы Чарльз Тейлорға қатысты үкім шығармақ.

Сәуірде Сьерра-Леоне жанжалы бойынша арнайы сот Тейлорды 11 бап бойынша айыпты деп таныған болатын. Олардың арасында кісі өлтіру, зорлау, әскери қызметке балаларды тарту сияқты айыптар бар. Прокурорлар Тейлорды 80 жылға соттауды талап еткен болатын. Бірақ қорғаушыларының пікірінше, бұл - "тым қатал жаза".

Тергеу қорытындысы бойынша, Чарльз Тейлор 1991-2002 жылдары ондаған мың адам құрбан болған Сьерра-Леонедегі азаматтық соғыс кезінде көтерілісшілерді қолдаған.
XS
SM
MD
LG