Accessibility links

Желтоқсандықтар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды


«Желтоқсан-86» қоғамдық ұйымының мүшелері желтоқсан оқиғасы құрбандарына арналған ескерткіш алдына гүл шоқтарын әкеле жатыр. Алматы, 31 мамыр 2012 жыл.
«Желтоқсан-86» қоғамдық ұйымының мүшелері желтоқсан оқиғасы құрбандарына арналған ескерткіш алдына гүл шоқтарын әкеле жатыр. Алматы, 31 мамыр 2012 жыл.
"Желтоқсан-86" қозғалысы мен "Желтоқсан ақиқаты" республикалық қоғамдық бірлестігі 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Алматыдағы желтоқсан құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Жиында "Желтоқсан-86" қозғалысының төрайымы Гүлбаһрам Жүніс желтоқсандықтардың саяси құғын-сүргін құрбандары болып отырғанын, 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасына әлі күнге дейін саяси баға берілмей отырғанын айтты.

Бұдан соң "Желтоқсан ақиқаты" бірлестігінің мүшелері қаладан Алматының шетіндегі Жаңалық ауылындағы қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке марафон ұйымдастырды.
XS
SM
MD
LG