Accessibility links

Сирия оппозициясы Башар Асадқа ультиматум қойды


Сирия президенті Башар Асад үкімет әскерлерінің ортасында. Хомс, 27 наурыз 2012 жыл.
Сирия президенті Башар Асад үкімет әскерлерінің ортасында. Хомс, 27 наурыз 2012 жыл.
Сирия ерікті армиясы деп аталатын оппозиция жақтастары ел президенті Башар Асадқа ультиматум қойды.

Олардың айтуынша, жұма, 1 маусымға дейін үкімет әскері барлық қалаларда әскери қимылды тоқтатып, БҰҰ ұсынған қақтығысты реттеу жоспарының шарттарын орындауы керек. Оппозиция өкілдерінің айтуынша, егер бұл талап орындалмаса, онда олар өздерін қақтығысты реттеу жоспарына қатысымыз жоқ деп жарияламақ.

30 мамырда АҚШ-та қызмет істейтін сириялық жоғары шенді дипломаттардың бірі Хазем Шехаби Хулада өткен жұма күні 108 бейбіт тұрғынның құрбан болуына байланысты ресми Дамаскімен қарым-қатынасын үзетінін мәлімдеді.

Дипломат "Бұдан былай төзе беруге және үндемей қалуға болмайды" деген еді өзінің шешімі жайлы.
XS
SM
MD
LG