Accessibility links

Маусымның 2-і күні Алматыдағы Республика сарайында «Ретро-айтыс» деген атпен өтетін ақындар айтысына 1980 жылдары айтысқан ақындар қатысады, - деп хабарлады айтыстың тұрақты жүргізушісі Жүрсін Ерман Азаттық радиосының тілшісіне.

– Айтыскерлердің арасында үш халық ақыны бар. Олар: Қонысбай Әбіл, Әселхан Қалыбекова және Әсия Беркенова. Бұл айтысқа осы үш ақыннан басқа, Қарағандыдан Қуаныш Мақсұтов, Өскеменнен Абаш Кәкенов, Алматы облысынан Есенқұл Жақып шақырылып отыр, - деген Жүрсін Ерман қазіргі айтыс сахнасында жүрген бірнеше айтыскер де сахнаға шығатынын айтты.

Жүрсін Ерман айтыстың бас демеушісі әдеттегідей «Алтын қыран» компаниясы екендігін ескертті.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG