Accessibility links

Ақтөбе түрмесіне әскер кіргізіледі деген хабар тарады


Ақмола облысының Гранитный ауылындағы түрменің сырт көрінісі. Көрнекі сурет.
Ақмола облысының Гранитный ауылындағы түрменің сырт көрінісі. Көрнекі сурет.
Ақтөбеде кеше түнде УКА 168/2 жалпы режимдегі түрмесіне әскер кіргізеді деген хабар тарап, ондағы сотталушылардың жүзге тарта туыс-туғандары мекеме алдында түнеп шықты.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, сотталушылардың жақындары әскер кіргізбеу үшін түрме есігін түнімен күзетіп шыққан.

Сотталушылардың бірінің туысы Айгүл Айкенованың айтуына қарағанда, бүгін таңертең түрме басшылығы сотталушылардың туыстарынан 10 адамды мекемеге кіргізген. Түрме басшысы оларға ешқандай әскер енгізілмейтінін айтып, сабырға шақырған, жиналғандардың тарап кетуін сұраған.

Жиналғандардың айтуына қарағанда, осыдан екі жыл бұрын да түрмеге әскер кіргізілмек болған. Бірақ ол кезде де тұтқындардың туыстары наразылық танытып, әскерді кіргізбей қойған.
XS
SM
MD
LG