Accessibility links

«Диктатор» фильмінің көрсетілу мерзімі аяқталды


Арман кинотеатрның алдына ілінген "Диктатор" фильмінің плакаты. Алматы, 24 мамыр 2012 жыл.
Арман кинотеатрның алдына ілінген "Диктатор" фильмінің плакаты. Алматы, 24 мамыр 2012 жыл.
Ұлыбританиялық комик Саша Барон Коэн мен режиссер Ларри Чарльздің «Диктатор» комедиялық фильмін кинотеатрлар көрсетпейтін болды.

Алматыдағы «Арман» кинотеатрының касса қызметкері Азаттық тілшісіне киноның екі аптаға жалға көрсетілу мерзімі бұдан екі күн бұрын біткенін айтады.

«Диктатор» комедиясында Саша Коэн мемлекетті авторитарлық тәсілдермен билейтін генерал Алладин арқылы әлемдегі бірнеше диктатордың жиынтық образдарын сомдаған. Комедия Қазақстанда 17 мамырдан бастап көрсетіліп, кинотеатрларда «сұранысқа ие фильмдердің бестігіне» енген.

«Диктатор» фильмін көрсетуге Тәжікстан мен Түркіменстан тыйым салған.
XS
SM
MD
LG