Accessibility links

Франция үкіметі Украинадағы футбол чемпионатына байкот жариялады


Юлия Тимошенконың суреті басылған плакат ұстаған әйел оның босатылуын талап етіп, пикет өткізіп тұр. Харьков, 19 мамыр 2012 жыл.
Юлия Тимошенконың суреті басылған плакат ұстаған әйел оның босатылуын талап етіп, пикет өткізіп тұр. Харьков, 19 мамыр 2012 жыл.
Француз министрлері Украинаның экс-премьері Юлия Тимошенконың қуғын-сүргінге ұшырауына наразылық ретінде Украинада өтетін футболдан Еуропа чемпионатының матчтарына байкот жариялайды.

Француздық L'Equipe ("Экип") апталығының жазуынша, елдің спорт министрі Валери Фурнейрон "үкіметтің бір де бір мүшесі Украинадағы матчтарға бармайтынын" айтқан.

Юлия Тимошенко 2011 жылы "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыппен жеті жылға сотталғанда Батыс елдері "мұның саяси астары бар" деп айыптаған. Ал адам құқықтары жөніндегі Еуропа соты Тимошенко қабылдап жатқан емнің сапасына көңілі толатынын, бірақ үкімді қайта қарау керек екенін мәлімдеді.

Тимошенко 9 мамырдан бастап, ауруханада неміс дәрігерінің бақылауымен ем ала бастаған кезде, аштық жариялаған.
XS
SM
MD
LG