2 маусымда оппозицияның Алматыда рұқсат етілмеген кезекті "Қарсылық жиыны" өтеді деп хабарланды.
"Қарсылық жиыны" бұл жолы да Достық пен Абай даңғылдарының қиылысындағы Абай ескерткішінің түбінде өтеді деген ақпарат бар. Жиында Абай өлеңдері оқылмақ.
Бұған дейін оппозиция өкілдері Әміржан Қосанов, Гүлжан Ерғалиева және Маржан Аспандиярова және басқалары қалалық әкімдікке 2 маусымда Ғылым академиясының алдындағы Шоқан Уәлиханов ескерткішінің алдында "Қарсылық жиынын" өткізетіні туралы ескертпе жіберген болатын. Тағы бір топ Абай ескерткішінің түбінде митинг өткізуге өтініш берген. Бірақ қалалық әкімдік "Қарсылық жиынын" ол жерлерде өткізуге рұқсат бермей, "Сарыарқа" кинотеатрының артында өткізуді ұсынған.
Алғаш рет рұқсат етілген "Қарсылық жиыны" 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Астанада өтті. Оппозициялық саясаткер, бұрынғы сенатор Зәуреш Батталова, Мұсағали Дуамбеков ұйымдастырған митингіге қатысушылар саяси қуғын-сүргін құрбандарын үнсіздікпен еске алды. Зәуреш Батталова Қазақстанда мұнайшылардың мәселесін көтерген оппозиция мен қоғам белсенділерінің қудаланбауы тиіс екенін, Жаңаөзен оқиғасының басқа да аймақтарда қайталануына жол беруге болмайтынын айтты.