Accessibility links

Қытайда "АҚШ үшін тыңшылық жасады" деген шенеунік ұсталды


Қытай қауіпсіздік қызметінің жоғары шенді қызметкерін "АҚШ мүддесі үшін тыңшылық жасады" деп тұтқындады. Гонконгтық New Way басылымының жазуына қарағанда, қамалған адам - мемлекеттік қауіпсіздік вице-министрінің хатшысы.

Ал өздеріне мәлім дереккөзге сілтеген басылым қызметкердің мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінде істейтінін және оның төрт ай бұрын қамалғанын жазады.

Екі басылым да қызметкердің "АҚШ Орталық барлау басқармасы үшін тыңшылық жасағанын" жазады

Пекин мен Вашингтон оқиғаға орай ресми түсініктеме бермеді.
XS
SM
MD
LG