Accessibility links

Башар Асад парламент алдына шықпақшы


Сирия президенті Башар Асад Парижде журналистер сұрағына жауап беріп отыр. 9 желтоқсан 2010 жыл
Сирия президенті Башар Асад Парижде журналистер сұрағына жауап беріп отыр. 9 желтоқсан 2010 жыл
Сирияның мемлекеттік телеарнасы президент Башар Асад жексенбі күні парламенттің алдында сөз сөйлейді деп жариялады. Асад соңғы рет 10 қаңтар күні көпшілік алдына шыққан еді.

Оның бұл әрекеті 100-ден астам адам өлген "Хула қырғынынан" кейінгі бірінші үндеуі болмақ. Хула қаласында 25 мамыр күні ауыр артиллериямен атқылау кезінде опат болғандардың біразы балалар болып шыққан еді.

Жергілікті қоғамдық белсенділердің айтуынша, Сириядағы толқу басталғалы бері 13 мыңнан астам адам өлген. Ал БҰҰ-ның есебі бойынша көтеріліс болып жатқан бір жыл ішінде кем-дегенде 9 мың адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG