3 маусымда Азаттық тілшісімен тілдескен қоғам белсендісі Ермек Нарымбаевтың сөзінше, кеше 15 тәулікке қамалған белсенділер Ғалым Ағелеуов пен Қайрат Ердебаевтарды қолдау мақсатында арнайы тізім жасалып жатыр. Тізімге енген азаматтар 3 маусымнан бастап оларға азық-түлік жеткізіп тұрмақшы.
- Осы күнге дейін түрме мен колонияларға рұқсат етілген сәлемдемелердің тізімі бар. Ал әкімшілік жазасын өтеушілер отыратын абақтыға рұқсат етілген сәлемдеменің тізімі жоқ. Осы олқылықты ондағылар пайдаланып, «Қарсылық жиынына» қатысып, қамауға алынғандарға тек судан өзге ешнәрсе қабылдамайды, - деді Ермек Нарымбаев Азаттық тілшісіне.
2 маусым күні Алматыдағы Абай ескерткіші түбінде өткен "Қарсылық акциясына" қатысушылардың бірі Ғалым Ағелеуовті полиция қамауға алған еді. Наразылық таныту жиынына ондаған адам қатысқан болатын.