Accessibility links

Хаменеи: Ядролық қару туралы күдікте қисын жоқ


Аятолла Әли Хаменеи. Тегеран, 3 маусым 2012 жыл.
Аятолла Әли Хаменеи. Тегеран, 3 маусым 2012 жыл.
Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеи 3 маусым күні Израиль Иранға шабуыл жасайтын болса, "еврей мемлекетіне жай отын түсіреді" деп мәлімдеді.

Хаменеидің айтуынша, халықаралық қауымдастықтың Иран ядролық қару жасауға талаптанып жатыр деп күдіктенуі - жалған ақпаратқа сүйенген қисынсыз әрекет. Ол: "Батыс қоғамдық пікірді АҚШ пен Еуропада болып жатқан экономикалық оқиғалардан басқа жаққа аударып жібергісі келеді" деп мәлімдеді.

Хаменеи бұл сөзді Иранның негізін қалаушы аятолла Рухолла Хомейнидің дүние салған күнін атап өту шарасы кезінде айтты.
XS
SM
MD
LG