Accessibility links

АҚШ Қытайды Тяньаньмэнь тұтқындарын босатуға шақырды


Пекиннің Тяньаньмэнь алаңында жүрген солдаттар. (Көрнекі сурет).
Пекиннің Тяньаньмэнь алаңында жүрген солдаттар. (Көрнекі сурет).
АҚШ Қытайды 1989 жылы Пекиннің Тяньаньмэнь алаңындағы демонстранттарды басып-жаншығаннан бері 23 жыл бойына түрмеде отырғандарды босатуға шақырды.

Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысының орынбасары Марк Тонер жексенбі күні таратқан мәлімдемесінде Қытайдан халыққа "алаңда құрбан болғандар, ұсталғандар мен із-түссіз жоғалғандардың есебін толықтай жариялауды" сұрады.

Қытай солдаттары 1989 жылы 3-4 маусымда Пекиннің орталығындағы алаңда алты апта бойына демократиялық наразылық шеруін өткізіп жатқандарға шабуыл жасап, жүздеген адамды өлтірген болатын. Пекин демократиялық шеруге "контрреволюциялық көтеріліс" деп ресми баға берген.

Ал France Press агенттігінің хабарлауынша, полиция Фуцзянь провинциясында Тяньаньмэнь қырғынына 23 жыл толғанын атап өткен 20-ға тарта құқық қорғаушыны ұрған. Бірақ Фуцзянь полициясы мұны жоққа шығарды.

Dui Hua Foundation құқық қорғау ұйымының дерегіне қарағанда, түрмеде 1989 жылы тұтқындалған белсенділердің тек 10-ға жуығы ғана тірі қалған.
XS
SM
MD
LG