Accessibility links

Әзербайжандық белсенді қамаудан босатылды


Саяси белсенді Бақтияр Гаджиев тұтқындармен бірге. Баку, 26 сәуір 2012 жыл.
Саяси белсенді Бақтияр Гаджиев тұтқындармен бірге. Баку, 26 сәуір 2012 жыл.
Әзербайжанның жоғарғы соты дүйсенбіде Amnesty International ұйымы "саяси тұтқын" деп жариялаған жастар белсендісі, парламент дупутаттығынан бұрынғы үміткер Бақтияр Гаджиевті мерзімінен бұрын босатуға шешім шығарды.

Гарвард университетінде оқыған Гаджиев өткен жылдың наурызында тұтқындалып, "әскерге барудан жалтарды" деген айыппен екі жылға сотталған болатын.

Бірақ жергілікті және халықаралық құқық қорғау ұйымдары оны әлеуметтік желілер арқылы үкіметке қарсы акцияларға шақырған саяси көзқарасы үшін қудаланды деп санайды.

АҚШ сенаторлары, Гарвард университетінің оқытушылары мен студенттері Әзербайжан билігінен Бақтияр Гаджиевті босатуды бірнеше рет сұраған болатын.

Сарапшылар Гаджиевтің 6 маусымда АҚШ мемлекеттің хатшысы Хиллари Клинтонның Бакуге сапары қарсаңында босатылғанын айтады. Клинтон Әзербайжан билігімен елдегі адам құқықтарының жай-күйін де талқыламақ.

Әзірбайжан түрмелерінде Amnesty International "саяси тұтқын" деп таныған 11 белсенді қамауда отыр.
XS
SM
MD
LG