Accessibility links

Қаралы күні мекемелердегі тулар түсірілді


Алматы облысының Үшарал қаласындағы ҰҚК шекара заставасы. 31 мамыр 2012 жыл.
Алматы облысының Үшарал қаласындағы ҰҚК шекара заставасы. 31 мамыр 2012 жыл.
Бүгін, 5 маусым - Алматы облысының Арқанкерген шекара постында қаза тапқан шекарашыларды ұлттық аза тұту күнінде қаралы күн белгісі ретінде мемлекеттік мекемелердегі тулар төмен түсірілді.

Мемлекеттік телеарналарда көңілашар бағдарламалар мен жарнамалар 6 маусымға дейін көрсетілмейді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 30 мамыр күні "Шығыс" аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының Сарыбөктер заставасында 12 шекарашының, бір қорықшының мәйіті табылғанын, заставадағы Арқанкерген посты өртенгенін хабарлаған еді. 1 маусымда 14 шекарашы мен бір қорықшы өлгені анықталды. ҰҚК із-түссіз жоғалған бір шекарашының мәйіті іздестіріліп жатқанын мәлім етті.

Қаза тапқан шекарашыларды аза тұту туралы 4 маусымда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкім шығарған.
XS
SM
MD
LG