Accessibility links

Пекинде ШЫҰ саммиті басталды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Пекинге барды. Пекин, 5 маусым 2012 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Пекинге барды. Пекин, 5 маусым 2012 жыл.
Пекинде (Қытай) Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің басшыларының екі күндік саммиті басталды.

Саммиттің күн тәртібінде Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен Ауғанстандағы жағдай бірінші кезекте тұр.

Қытай төрағасы Ху Цзинтао ұйым елдері терроризмге қарсы күрес жоспарын бекітуі мүмкін екенін айтты. Бұған қоса Орталық Азиядағы инфрақұрылымды дамыту мен жобаларды қаржыландыру жайы талқыланатыны да хабарланды.

2001 жылы аймақтағы қауіпсіздікті нығайту мақсатында құрылған ШЫҰ қазір экономикалық, мәдени және басқа да салаларда ынтымақтастық орнату қызметін атқарып келеді.

Ұйымға Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан мүше.

Саммитке Ауғанстан, Үндістан, Моңғолия және Пәкістан бақылаушы ретінде қатыспақ.
XS
SM
MD
LG