Accessibility links

Сарапшы: Ведомстволар арасында кикілжің бар


"Қазақстандағы шекара постына жасалған шабуыл туралы айтқан кезде ішкі істер министрлігі онда "әлімжеттік" бар екенін айтады. Бұл ведомствоаралық кикілжіңнің анық мысалы бола алады" деп мәлімдеді Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтанов.

6 маусымда Алматыда өткен "Орталық Азиядағы қауіпсіздіктің өзекті мәселелері" деген тақырыптағы конференцияда Сұлтанов өткен жылы Таразда, қазақ-қытай шекарасында болған оқиғаларды еске алып, олардың құқық қорғау органдарының қауіп-қатерге қарсы тұру қабылетін жоюға бағытталғанын айтты.

Ол аталған оқиғалардың құқық қорғау органдарының дайындығы мен біліктілігіне сын екенін ескертіп, ведомствоаралық "есеп айырысуларды" тоқтату қажетін айтты.

AzattyqTV

Террорға қарсы күрес

"ИМ" тобын тықсырды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG