Accessibility links

Жазушы фантаст Рэй Брэдбери қайтыс болды


Жазушы фантас Рэй Брэдбери.
Жазушы фантас Рэй Брэдбери.
Лос-Анжелесте 91 жасында ұзаққа созылған аурудан америкалық танымал жазушы фантаст Рэй Брэдбери қайтыс болды.

Танымал шығармаларының арасында "Фаренгейт бойынша 451 градус" деп аталатын романы бар. Жазушы онда кітаптарға тыйым салған тоталитарлық қоғамдар туралы баяндайды. Романында адамзаттың жарты ғасырлық болашағы қалай болатынын жазып, керегеге ілінетін интерактивті теледидарлар, құлаққа тағылатын дыбыс тыңдау аппараттарының пайда болатынын және жарнаманың көбейетінін болжаған.

Рэй Брэдберидің қаламынан бұдан басқа "Марс хроникалары", "Бақытсыздық жақындап келеді" және басқа да романдар мен әңгімелер туған.

Жазушы ешқашан мектепке бармаған және көлік жүргізуді білмеген. Интернетті, ақша беретін банкоматты және компьютерлік ойындарды ұнатпаған.

The New York Times басылымына берген сұхбатында ол "ғылыми фантастиканың болашақ туралы жаза отырып, қазіргі және өткен шақты сынаудың тамаша тәсілі" екенін айтқан.
XS
SM
MD
LG