Accessibility links

Шығыс Қазақстанда аусылмен ауырған 720 бас мал жойылды


Өрістен қайтқан сиыр. (Көрнекі сурет)
Өрістен қайтқан сиыр. (Көрнекі сурет)
Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданына қарасты Бурабай ауылында аусыл ауруымен ауырған 720 бас мал жойылды деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. 720 бастың 144 -і - ірі қара, 576-сы - ұсақ мал.

Ал 3 мыңға тарта ірі қара, 4 мыңға тарта ұсақ малға аусылға қарсы вакцина салынған. Ауданның Белағаш, Дмитриевск, Новодворск, Подборный және Бакин ауылдарында вакцина егілетін 26 мың бас мал бар.

4 маусымда министрлік Бурабай ауылы тұрғындарының сиырларын зертханалық тексеру кезінде аусыл ауруының қоздырғышы табылғанын хабарлаған.
XS
SM
MD
LG