"Қазақстанда зейнетақы енді экономикалық жағдайға қарай көтеріледі" деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова.
ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, министр бүгін журналистерге: "Соңғы жылдары біз зейнетақыны жақсы көтеріп тастадық. Екі рет 25 пайыздан, үшінші ретінде 30 пайызға көтерілді. Биылғы жылы зейнетақы мөлшерін бағалардың өсуіне қарай индекстеу жүргізіледі" деген.
Министр Әбдіқалықова бұған қоса "зейнетақы мөлшерін тым жоғары және жиі өсіре беру коммуналдық төлемдер, азық-түлік пен басқа тұтыну тауарлары бағасының қымбаттауына және инфляцияға әкеп соғатынын" да еске салған.