Беларусь билігі Еуропа Одағына (ЕО) кірмейтін жеті ел осы одақтың Минскіге қарсы санкциясына қосылғанына "өкініш білдірді".
Беларусь сыртқы істер министрлігі өкілінің айтуынша, санкция "даулы мәселелерді шынымен шешуге" бөгет болады.
Албания, Македония, Сербия, Хорватия, Черногория, Исландия мен Лихтенштейннің санкцияларға қосылғанын жуықта ЕО сыртқы саясат жөніндегі бас өкілі Кэтрин Эштон хабарлаған еді.
Бұл санкциялар бойынша Еуропа елдері бірнеше беларусь шенеуніктерін өздеріне кіргізбей, олардың халықаралық активтерін бұғаулауы керек.
Санкция Беларусьте оппозициясының қуғын көруі мен адам құқығының бұзылуына байланысты қабылданған.