Accessibility links

Пәкістан АҚШ-тың айыптауын теріске шығарды


Пентагон басшысы Леон Панетта Кабул әуежайында. Ауғанстан, 7 маусым 2012 жыл.
Пентагон басшысы Леон Панетта Кабул әуежайында. Ауғанстан, 7 маусым 2012 жыл.
Бүгін Пәкістан сыртқы істер министрлігі АҚШ басшылығының "Исламабад ел аумағындағы содырларға қарсы күресті күшейтуге ынталы емес" деген сөзін теріске шығарды.

Пентагон басшысы Леон Панетта бейсенбі күні Кабулде ауған қорғаныс министрі Абдул Вапдакпен кездескен кезде "АҚШ экстремистерге қауіпсіз орын болған Пәкістанның жағдайды реттеу үшін ештеңе жасамағанын көрген соң шыдамнан айырылады" деген еді.

АҚШ министрі "әл-Қаидамен" байланысы бар талибтердің "Хаккани" тобының Солтүстік Вазиристанға бекініп алып, сол маңнан Ауғанстан аумағына жиі-жиі шабуыл жасайтынын айтқан.
XS
SM
MD
LG