Accessibility links

Адвокат Каддафидің ұлына байланысты тұтқындалды


Сейф әл-Ислам Каддафидің қолға түскеннен кейінгі сәті. Ливия, 19 қараша 2011 жыл.
Сейф әл-Ислам Каддафидің қолға түскеннен кейінгі сәті. Ливия, 19 қараша 2011 жыл.
Ливияда Гаага халықаралық қылмыстық сотының адвокаты, австралиялық Мелинда Тэйлор ұсталды. Адвокат "Ливияның бұрынғы президентінің ұлы, қамауда сот үкімін күтіп отырған Сейф әл-Ислам Каддафиге күдікті құжат апарып бермек болды" деп айыпталды.

Ливиялық адвокат, осы ел үкіметі мен Халықаралық қылмыстық сот арасында дәнекерлік қызмет атқарушы Ахмед әл-Джиханидің айтуынша, құжатты Сейф әл-Исламға жақын жолдасы, Муамар Каддафи тақтан тайғалы қашып жүрген Мохаммед Исмаил беріп жіберген.

Адвокат Мелинда Тэйлор - 2011 жылы қарашада ұсталғаннан бері Зинтан қаласында қамауда отырған Сейф әл-Исламмен кездесу үшін Ливия бас прокурорының рұқсатын алған Халықаралық сот делегациясы мүшелерінің бірі.

Ливия билігі де, Халықаралық қылмыстық сот та Сейф әл-Ислам Каддафиді адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп айыптайды, бірақ оның сотын қай жерде өткізетіндерін әлі келісе алмай жатыр.
XS
SM
MD
LG