Сирияның жаңа оппозициялық коалициясының басшысының мәлімдеуінше, Башар Асадтың режимі қалт-құлт етіп тұр және президент елдің бірнеше қаласындағы билігінен айырылды.
Сирияның Ұлттық кеңесі деп аталатын негізгі оппозициялық ұйымының жетекшісі болып сайлана салысымен сенбі 9 маусым күні жасаған мәлімдемесінде Абделбасет Сида президент Асадтың әлсірей түскенін айтты.
Бас кеңсесі Стамбулда орналасқан оппозициялық топ жетекшісі Асад билігінің легитимділігін заңды жолмен біржола мансұқтауға кіріскендерін айтты. Жексенбі, 10 маусым күнгі Сиданың сөзінше, "қырғын мен атыстың көбеюі Асад режимінің жан дәрмен қылып қорғанып жатқанын көрсетеді".
Сида - Швецияда тұратын 56 жасар сириялық күрд белсендісі. Ол Парижде тұратын ирактық ғалым Бурхан Гальюннің орнын басты. Гальюн кеңесті былтырғы тамыз айынан бері басқарып келген еді.