Алдағы апта ОПЕК мүшелері Венада кездесіп, экспорт көлемі мен мұнай бағасын реттеу туралы кеңеспекші. Мұнай экспорттаушы елдер ұйымына (ОПЕК) мүше 12 елге дүниежүзі бойынша өндірілетін шикі мұнайдың үштен бірі тиесілі.
Ұйым мүшелері бір күнде 30 миллион баррель мұнай өндіру туралы келісім жасамақшы. Олар әлемдік экономиканың әлсіреуі себепті мұнайға деген сұраныс бір қалыпты емес деп санайды.
Венесуэла президенті Уго Чавес 9 маусым күні кейбір ОПЕК мүшелерінің квотадан артық мөлшерде мұнай өндіріп жатқанына алаңдап, мәлімдеме жасады.
Сұраныстың азаюы мен профицит мәселесі шикі мұнайдың бағасын барреліне 84 доллар деңгейге дейін құлдыратып жіберді. Әсіресе, Иран энергетикалық сектордан түсетін біраз пайдасынан айырылуға шақ тұр. 1 шілдеден бастап Тегеранның ядролық бағдарламасына қарсылық ретінде Еуропа Одағы Иранның мұнайына эмбарго жарияламақшы.