Accessibility links

Франциядағы парламент сайлауында социалистер алда келеді


Франция президенті Франсуа Олланд.
Франция президенті Франсуа Олланд.
Францияда өткен парламент сайлауының алғашқы кезеңінде елдің жаңа президенті Франсуа Олландтың социалистік партиясы жеңіске жетті.

Францияның ішкі істер министрлігі жариялаған ресми мәліметтер бойынша, социалистер мен олардың одақтастары - жасылдар партиясы сайлаушылардың 46 пайыз даусын алған. Ал бұрынғы президент Николя Саркозидің әсіре оңшыл "Халықтық қозғалыс одағы" партиясы 34 пайыз дауыс иеленген.

Егер бұл нәтижелер 17 маусымға белгіленген сайлаудың екінші кезеңінде де қайталанса, Олландтың партиясы парламенттегі көпшілік орынға ие болады. Мұндай жағдайда ол өзі уәде еткен реформаларын, оның ішінде байлардан алынатын салықты өсіруді іске асырмақ.

Парламентке бұған қоса Марин Ле Пеннің басқаруындағы әсіре оңшыл "Ұлттық майдан" партиясы мен Жан-Люк Меланшонның коммунистер қолдайтын "Солшыл майдан" қозғалысы да өтпек.
XS
SM
MD
LG