Accessibility links

Әзербайжанда оппозиция белсенділері тұтқындалды


"Республикалық альтернатива" альянсының жетекшісі Илгар Маммадовты полиция тұтқындап барады. Баку, 12 маусым 2012 жыл.
"Республикалық альтернатива" альянсының жетекшісі Илгар Маммадовты полиция тұтқындап барады. Баку, 12 маусым 2012 жыл.
Әзербайжан полициясы сейсенбіде Бакуде оппозицияның рұқсат етілмеген наразылық шеруін күшпен таратып, "Республикалық альтернатива" деп аталатын оппозициялық альянстың жетекшісі мен басқа бірнеше белсендіні тұтқындап әкетті.

Альянс жетекшісі Илгар Маммадов пен белсенділер парламент үйінің алдында өткізуге жоспарланған шеруге бара жатқанда ұсталған. Оппозиция жақтастары мұнда заң жобасына үкіметтің қаржы және экономикалық бағдарламаларына қоғамның бақылау жасауын шектейтін өзгерістердің енгізілуіне қарсылық танытпақ болған.

Оппозиция белсенділері "өзгерістер үкіметтің қаржы және экономикалық қызметін күмәнді ете түседі" дейді.
XS
SM
MD
LG