Шерушілер Мәскеу уақыты бойынша сағат 12-де Пушкин кинотеатры маңында жиналды. Сағат 13-те басталған марш Сахаров даңғылына дейін барып, сол жерде сағат 14.30 шамасында митингіге ұласты.
"Миллиондар маршын" ұйымдастырушылардың бірі Александр Рыклиннің айтуынша, бүгінгі шараға әлден-ақ 40 мыңға жуық адам келіп тұр. Полиция жиналған халықтың қарасы шамамен 10 мың екенін айтады.
Митингіде қоғам белсендісі Сергей Удальцов сөйлеп, "күзде бүкіл ел бойынша шешуші акция өткізуге" шақырды.
Ал Геннадий Гудков биліктің "жаппай жазалау әдісіне көше бастағанын", "жаңа заң арқылы көшені де тартып алуға тырысып жатқанын" еске сала келе талаптарын айтты.
- Бізге жаңа конституция керек. Бізге халық сайлайтын сот керек. Бізге билік пен билікке жақын құрылымдарға бағынбайтын ақпарат құралдары керек. Бізге дұрыс парламент керек. Бізге еркін сайлау керек, - деді Гудков.
Митинг кезінде жұрт алдына шығып сөйлеген қазақстандық оппозиция белсендісі Болат Әбілев Жаңаөзендегі оқиғаны, еліндегі саяси жағдайды айта келе, орыс оппозициясының бүгінгі шарасына сәттілік тіледі.