Accessibility links

Челахтың "мойындау видеосы" көрсетілді


Шекарашы Владислав Челах "қылмыс жасағанын мойындап" тұр. (YouTube видеосынан жасалған скриншот). 13 маусым 2012 жыл.
Шекарашы Владислав Челах "қылмыс жасағанын мойындап" тұр. (YouTube видеосынан жасалған скриншот). 13 маусым 2012 жыл.
Әскери прокуратура сәрсенбі, 13 маусым күні журналистерге "шекарашы Владислав Челахтың серіктерін өлтіргенін мойындаған кезде түсірілді" деген видеоны көрсетті деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

"Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің жазуына қарағанда, видеода Владислав Челахтың "28 мамыр күні 15 адамды өлтіргенін мойындағаны" түсірілген.

Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадиновтың айтуынша, Челах қылмыс жасаған кезде сыбайласы болмаған. "Қылмысқа ішкі қақтығыс, есінің түсіндіруге келмейтін күйде болуы себеп болған" дейді Мерзадинов.



Владислав Челахтың анасы Светлана Ващенко Азаттық радиосына 9 маусымда қамауда жатқан баласымен кездескенде ұлының өзіне "14 серігін өлтірмегенін айтты" деген еді.
XS
SM
MD
LG