Accessibility links

Шекара қызметінің басшысы отставкаға өтініш берді


"Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің директоры генерал майор Нұржан Мырзалиев отставкаға кетуге өтініш берді" деп мәлімдеді сәрсенбіде өткен брифингте әскери прокурор Ерғали Мерзадинов.

Прокурор бұған қоса ҰҚК жүргізген қызметтік тергеу нәтижесінде Үшарал шекара отряды "Шығыс" шекара басқармасының бірнеше басшысы қызметтерінен босатылғанын да айтты.

30 мамыр күні Алматы облысы Алакөл ауданындағы «Шығыс» аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының "Сарыбөктер" заставасына қарасты "Арқанкерген" постында 14 шекарашы мен бір қорықшы өлі күйінде табылған еді. Бас прокуратура өкілі бірнеше күннен соң табылған тірі қалған жалғыз шекарашы Владислав Челах әскери қызметтестерін "өзі өлтіргенін мойындады" деп хабарлаған. Челахтың туыстары бұл айыптауға сене алмайтындарын мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG