Accessibility links

Тунистің экс-президентіне өмірлік жаза кесілді


Өмір бойы бес еркінен айырылған Зин әл-Әбидин Бен Әли (оң жақта) және Египеттің бұрынғы президенті, өмірлік түрме жазасына кесілген Хосни Мүбәрәк. Ливия, 10 қазан 2010 жыл.
Өмір бойы бес еркінен айырылған Зин әл-Әбидин Бен Әли (оң жақта) және Египеттің бұрынғы президенті, өмірлік түрме жазасына кесілген Хосни Мүбәрәк. Ливия, 10 қазан 2010 жыл.
Тунис әскери соты елдің бұрынғы президенті Зин әл-Әбидин Бен Әлиді сырттай соттап, өмірлік түрме жазасына кесті. Бен Әлиге "2011 жылғы қаңтарда шерушілерді өлтіруге қатысы бар" деген айып тағылды. Айыптаушы тарап бұрынғы президентке өлім жазасын беруді сұраған.

Тунис соты бұған дейін, сәрсенбі күні экс-президентті "зорлық пен адам өлтіруге арандатты" деген айыппен 20 жылға соттаған еді.

Бен Әли өткен жылы халық қарсылығы әсерінен президенттік қызметінен айырылып, Сауд Арабиясына қашқан. Шеруді басу кезінде ондаған адам мерт болған.

Тунистің экс-президенті бұған дейін жиыны 66 жылға сырттай сотталған.
XS
SM
MD
LG