Accessibility links

Оралда аштық жариялағандарды сотқа шақыртты


Оралда осыдан ек күн бұрын қаланың орталық алаңында аштық жариялап отырған ерлі-зайыпты зейнеткерлерді сотқа шақырды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Зейнеткерлер Ысқақ және Баян Әзбергеновтер мамырда орталық алаңда наразылық акциясын өткізген еді. Олар екі жылдан бері құқық қорғау органдарынан жеке кәсіпкердің бұзып тастаған үйлерінің бір шетін қалпына келтіруін талап етіп келген. Мамырдағы акциядаоблыстық әкімдік оларға үйлерін тұрғызып беруге және моральдық шығын ретінде 700 мың теңге өтеуге уәде берген. Зейнеткерлер әкімдік моральдық шығынды төлегенімен, үй салып бермегенін айтады.

Ысқақ Әзбергенов кеше полицияның өздерін "қоғамдық тәртіпті бұзды" деген айыппен әкімшілік сотқа шақырып кеткенін айтады.

Облыстық соттың баспасөз қызметі зейнеткерлерге қатысты әкімшілік кодекстің 373 бабы 1 тармағы бойынша "бейбіт жиын өткізудің тәртібін" бұзды деген іс қозғалғанын айтады.
XS
SM
MD
LG