Accessibility links

Мемрәмізге байланысты жаза күшеймек


Парламент мәжілісі ғимаратының кіреберісіне тігілген ту. Астана, 27 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет).
Парламент мәжілісі ғимаратының кіреберісіне тігілген ту. Астана, 27 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет).
Парламент сенаты "Мемлекеттік рәміздер туралы" заң жобасына түзетулер енгізіп, рәміздерді құрметтемегендерге қолданылатын жазаны қатайтты.

"Мемлекеттік рәміздер туралы Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша енді қылмыстық кодекске мемлекеттік рәміздерді қорлаған адамдарды бір жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы өзгеріс енгізіледі. Рәміздерді дұрыс пайдаланбаған мекемелер мен жеке адамдарға салынатын айыппұл көлемі де көбеймек.

Бұған қоса сенат "Спорт және дене шынықтыру туралы" заңға да толықтырулар енгізді. Онда Қазақстан мен шет елдерде өткізілетін спорт және басқа да іс-шараларда Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін сақтауды талап ететін және спортшыларға әнұранды жатқа білуді міндеттейтін баптар бар.
XS
SM
MD
LG