Accessibility links

Дудаев тұсындағы елші Қадыровтан кешірім сұрады


Шешенстанның алғашқы президенті Джохар Дудаев.
Шешенстанның алғашқы президенті Джохар Дудаев.
Шешенстанның алғашқы президенті, қайтыс болып кеткен генерал Джохар Дудаевтың тұсында елші қызметін атқарған Хизри Алдамов Шешенстанға оралып, президент Рамзан Қадыровтан кешірім сұрады.

Дудаевтың тұсында Грузиядағы елші болған Алдамов теледидар алдына сепаратистік қозғалысқа қарсы және Мәскеуге бүйрегі бұратын Қадыровпен бірге шықты. Ол кезінде Солтүстік Кавказда Мәскеу билігіне қарсы "сепаратистік соғыс кезінде жасаған кінәлары үшін өкінгенін айтып" кешірім сұрады.

Джохар Дудаев 1991 жылы Шешенстан Ресейден тәуелсіздік жариялап, 1996 жылы қаза тапқанға дейін Бірінші Шешен соғысында сепаратистерге жетекшілік етті. 1996 жылы Ресей әуе күштерінің шабуылы кезінде қаза тапты.

Рамзан Қадыров Лондонда тұратын шешен сепаратистерінің танымал тұлғасы Ахмад Закаевты Шешенстанға оралып, өзінің билігін ел алдында мойындауға шақырды.

Қадыров Закаевты "шетел барлау орындарының қуыршағы" деп атайды.
XS
SM
MD
LG