Accessibility links

Қытайда бала сатқан әйел өлім жазасына кесілді


Егіздер фестиваліне келген балалар. Қытай, 6 қазан 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Егіздер фестиваліне келген балалар. Қытай, 6 қазан 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юннань провинциясы соты Цзян Кайчжи деген әйелді 2009-2010 жылдары 223 баланы ұрлаған және сатқан деп айыпталып, өлім жазасына кесілді.

Соттың айтуынша, Цзян бұған дейін 35 мүшесі сотталған қылмыстық топты басқарған. Ол адамдар үш жылдан бастап өмір бойы бас бостандықтарынан айырылған еді.

Ұрланған балалар Орталық Қытайдағы Хэнань провинциясында сатылған.

Кейбір дәстүрге және Қытайдың бала санын шектеу саясатына байланысты елде ұл балаға деген "сұраныс" көп. Осыған байланысты елде заңсыз бала саудасы дамыған деп хабарлайды Associated Press.
XS
SM
MD
LG