Accessibility links

"Қарсылық жиыны" кезінде қамалғандар босатылды


Белсенді Ғалым Ағелеуов "Қарсылық жиынында" сөйлеп тұр. Алматы, 2 маусым 2012 жыл.
Белсенді Ғалым Ағелеуов "Қарсылық жиынында" сөйлеп тұр. Алматы, 2 маусым 2012 жыл.
17 маусым күні азаматтық қоғам белсенділері Ғалым Ағелеуов пен Қайрат Ердебаев абақтыдан шықты. Олар 2 маусым күні "рұқсат етілмеген митингіге қатысты" деген айып бойынша 15 тәулікке қамауға алынған болатын.

- Денсаулығым жаман емес, бұл арест менің көзқарасым мен алдағы жұмысыма еш әсер етпейді. Қамаудың алдында мұнайшыларды қолдап келгенімді білесіздер, бұл ісімді одан әрі де жалғастырамын. Мүмкіндік болса Жаңаөзенге барып, қандай көмек қажет екендігін анықтауға тырысамын, - деді Азаттық тілшісіне сұхбат берген Ғалым Ағелеуов.

2 маусым күні Ғалым Ағелеуов «Қарсылық жиынына» қатысып, Жаңаөзен сотына қатысты билікті айыптаған еді. Ал Қайрат Ердебаев жиында ақын Абайды Мәскеудегі орыс демократияшыл күштері де құрметтеп жатқанын айтып, жиынға келгендерді Абай өлеңдерін ортаға шығып оқуға шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG