Грекиядағы жексенбіде өткен парламент сайлауында алдын ала нәтижелер бойынша консервативтік "Жаңа демократия" партиясы сайлаушылардың 29,5 пайыз дауысын жинап, алға шықты. Ал солшыл "СИРИЗА" партиясы сайлаушылардың - 27 пайыз дауысын, бүкілгректік социалистік қозғалысы ("ПАСОК") 12,3 пайыз дауысын иеленген.
Сайлау нәтижелері бойынша "Жаңа демократия" партиясы коалициялық үкіметті жасақтауы тиіс. Үкіметтің басты міндеті елдің Еуропа Одағына (ЕО) қатысты бағдарламасын айқындау болмақ.
"Жаңа демократия" партиясының жетекшісі Антонис Самарас Грекия ЕО мүшесі ретіндегі міндеттемелерін орындайды деп мәлімдеді.