Accessibility links

Сарбөпеевтің сотында үзіліс жарияланды


Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеев.
Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеев.
Ақтауда Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевтің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша қайтадан басталған сот процесінде үзіліс жарияланды деп хабарлайды сотқа қатысып отырған алматылық журналист.

Журналистің Twitter-дегі жазбаларына қарағанда, сотқа судья Лесхан Байғұлов төрағалық етіп отыр. Аудио және видео жазба түсіруге тыйым салынған.

Орақ Сарбөпеевке "қаланың әлеуметтік дамуына мұнай компанияларынан бөлінген қаржыны жымқырды" деген айып тағылған.

Алғашқы сот процесі 25 мамырда басталған. Бірақ 6 маусымда судья Руслан Тасмамбетов прокурордың сұрауымен 12 алқа биді түгел ауыстыру және сотты 19 маусымда қайта бастау туралы шешім шығарған еді.
XS
SM
MD
LG