Accessibility links

Пәкістан соты премьер-министрдің өкілетін тоқтатты


Пәкістан премьер-министрі Юсуф Раза Гилани.
Пәкістан премьер-министрі Юсуф Раза Гилани.
Пәкістанның жоғарғы соты бүгін премьер-министр Юсуф Раза Гиланидің өкілеттігін тоқтатты.

Атқарушы биліктің қызметіне заң тұрғысынан баға беруге хақы бар жоғарғы соттың шешімінде ел президенті Асиф Әли Зардариге премьер-министрлікке жаңа кандидат ұсыну айтылған.

Сәуір айында жоғарғы сот Гиланиді президент Зардариге қатысты коррупциялық істі қайта қозғауға кедергі жасады деп айыптаған еді. Ол кезде премьер-министр шартты түрде бір минутқа қамалған. Бірақ кейін сот оның өкілеттігін дұрыс пайдалану мәселесін қарастыра бастады. Бүгінгі шешім - соның нәтижесі.
XS
SM
MD
LG