Accessibility links

БҰҰ өкілі "жаңаөзендік босқындар" туралы естімегенін айтты


Жаңаөзенге кіре берісте адамдарды тексеріп тұрған полиция посты. 26 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет).
Жаңаөзенге кіре берісте адамдарды тексеріп тұрған полиция посты. 26 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет).
БҰҰ-ның босқындар ісі бойынша жоғары комиссар басқармасының аймақтық үйлестірушісі Сабер Азам жаңаөзендік босқындар жайлы естімегенін айтты.
Бұл туралы Сабер Азем Алматыда сәрсенбіде босқындар күніне байланысты өткен арнайы жиында журналистерге айтты.

«Менің білуімше, Жаңаөзен оқиғасына байланысты елден көшіп кеткен босқындар болмаған. Босқын деп әртүрлі оқиға, жанжалдарға байланысты елден кеткен азаматтарды атаймыз. Қазақстанда қазір 600-ден астам босқын бар. Олардың басым көпшілігі - Ауғанстаннан келгендер» дейді Сабер Азем.

Бұған дейін Азаттық радиосы Жаңаөзен ереуілі кезінде елден кетіп, Польшада тұрып жатқан 10-15 қазақ отбасы туралы жазған еді.
XS
SM
MD
LG