"Рух пен тіл" ұйымының мүшелері Инга Иманбай, Саламат Омаш және Анар Әбілдаеваны бүгін, 20 маусымда Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына шақырды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Инга Иманбай хабарлады.
Оның айтуынша, бірер сағат бұрын Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Ақылбеков сағат 15.30-да полицияға шақыру қағазын тапсырып кеткен.
- Полицей шақыру Болат Атабаев пен Жанболат Мамайдың тұтқындалуына наразылық ретінде өткізген пикет пен акцияға байланысты екенін айтты. Өз еркімізбен келмеген жағдайда күшпен алып кететіндерін ескертті, - дейді Инга Иманбай.
15 маусымда қоғамдық белсенділер Алматы қалалық ҰҚК департаментінің тергеу абақтысының алдына жиналып, сол күні таңертең қамалған режиисер Болат Атабаев пен белсенді Жанболат Мамайды қудаламауды талап еткен.