Accessibility links

Қазақстан шекара туралы жаңа заң дайындап жатыр


Шекарашы Владислав Челах "қылмыс жасағанын мойындап" тұр. (YouTube видеосынан жасалған скриншот). 13 маусым 2012 жыл.
Шекарашы Владислав Челах "қылмыс жасағанын мойындап" тұр. (YouTube видеосынан жасалған скриншот). 13 маусым 2012 жыл.
Қазақстан парламенті Арқанкерген мен Терісайрықтағы оқиғалардан кейін мемлекеттік шекара туралы жаңа заң қабылдамақ деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан" агенттігі.

Агенттіктің жазуынша, Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев шекара туралы жаңа заң дайындалып жатқанын, ол заңның таяу арада мәжіліске ұсынылатынын айтқан.

19 маусым күні ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі «маусымның 18-і күні таңертең «Шығыс» аймақтық басқармасына қарасты Зайсандағы Терісайрық шекара заставасында жедел қызметтегі 11 шекарашы заставаны тастап кетіп қалғанын», сол күні кешке шекарашыларды бәрі табылғанын хабарлаған.

Мамырдың 30-ында «Шығыс» аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының Арқанкерген постында 12 шекарашының, бір қорықшының мәйіті, маусымның 1-і тағы 2 шекарашының мәйіті - барлығы 15 адамның сүйегі табылған. Маусымның 5-інде тірі қалған жалғыз шекарашы ұсталып, оның аты-жөні Владислав Челах екені белгілі болды. Маусымның 7-сінде Қазақстан бас прокуратурасы оның «қасындағы серіктерін өлтіргенін» мойындағаны туралы хабарлады. Челахтың туыстары оның кінәлі екеніне күмән келтіреді.
XS
SM
MD
LG