Accessibility links

Үш шекарашының үстінен іс қозғалды


Алматы облысының Үшарал қаласындағы ҰҚК шекара заставасы. 31 мамыр 2012 жыл.
Алматы облысының Үшарал қаласындағы ҰҚК шекара заставасы. 31 мамыр 2012 жыл.
"Терісайрық шекара заставасын тастап кетіп қалған 11 сарбазға қысым көрсетті" деген үш әскери қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды бас әскери прокуратура.

Ресми сайт мәліметіне қарағанда, 11 жауынгер келісім-шартпен қызмет етуші үш әскериден жәбір көргенін айтқан. Жәбір көрсетті деген адамдар ұсталып, Өскемен гарнизонының әскери прокуроры оларға байланысты қылмыстық кодекстің 380-1 бабы 2 бөлігінің "а" тармағымен қылмыстық іс қозғаған. Үшеудің бірі - шекара заставасының бастығы.

18 маусымда 2017 әскери бөліміне қарасты Терісайрық шекара заставасынан өткен жылы әскерге шақырылған 11 сарбаз кетіп қалған. 19 маусымда олар заставадан жақын жерден ұсталған.
XS
SM
MD
LG