Accessibility links

Комитет: Оралмандарды бөлек қоныстандырмау керек


БҰҰ-ның босқындар ісі басқармасының аймақтық үйлестірушісі Сабер Азам. Алматы, 20 маусым 2012 жыл.
БҰҰ-ның босқындар ісі басқармасының аймақтық үйлестірушісі Сабер Азам. Алматы, 20 маусым 2012 жыл.
Қазақстан президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия үкіметті оралмандарға арнап жеке елді мекендер салуды тоқтатуға шақырды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Астанада Қазақстандағы оралмандар, босқындар мен азаматтығы жоқтарға қатысты жиында баяндама жасаған комитет өкілі: "Нұрлы көш" бағдарламасы аясында оралмандарға арнап бөлек ауылдар салып, жекелеген елді мекендерге шоғырландырудан бас тарту керек. Мұның орнына керісінше халық бұрыннан тұрып келе жатқан елді мекендердегі бос, иесіз, пайдаланылмай жатқан баспаналарды қалпына келтіріп, я сатып алуға барынша күш салу керек" деген.

Комиссия бұған қоса оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталықтары сияқты баспана іздеп жүрген азаматтарға да арнап бейімдеу орталықтарын ашуды ұсынады.

Ал осы жиында БҰҰ-ның босқындар ісі басқармасының аймақтық үйлестірушісі Сабер Азам "Қазақстандағы оралмандар, азаматтығы жоқтар мен босқындардың жағдайы туралы " деген арнайы баяндама жасады.

Ол президент жанындағы комитеттің Қазақстан үкіметін БҰҰ-ның азаматтығы жоқ адамдарға қатысты конвенциясына қосылуға шақырғанын айтады. Сабер Азам үкімет азаматтығы жоқ және одан айырылу қаупі төнген адамдарды анықтау үшін азаматтарды жалпыхалықтық тіркеуге алу қажет деп санайды.
XS
SM
MD
LG