Accessibility links

Ғазиз Алдамжаровты ҰҚК-ге шақырды


Қазақстанның коммунистік партиясының жетекшісі Ғазиз Алдамжаров. Алматы, 3 мамыр 2012 жыл.
Қазақстанның коммунистік партиясының жетекшісі Ғазиз Алдамжаров. Алматы, 3 мамыр 2012 жыл.
Қазақстан коммунистік партиясының бірінші төрағасы Ғазиз Алдамжаровты бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Алматы департаментіне шақырған. Бұл туралы Азаттық радиосына Алдамжаровтың көмекшісі хабарлады.

Оның айтуынша, саясаткерге бүгін сағат 10-да ҰҚК-ге келу туралы шақыру қағазы тапсырылған. "Қазір [Ғазиз Алдамжаров] ҰҚК Алматы департаментіне кіріп кетті" дейді көмекшісі.

2011 жылдың қазан айында сот Ғазиз Алдамжаровты тіркелмеген "Халық майданы" қозғалысының жұмысына қатысқаны үшін партияның қызметін алты айға тоқтатқан. Ал сәуір айында сот партияның бірқатар облыстардағы филиалдарының жұмысына тағы алты айлық тыйым салған еді.
XS
SM
MD
LG